"Шырша сатамыз": Петропавлда алаяқтар көбейді

273

Алаяқтар тауарды сату үшін алдын-ала төлем сұрайды.

"Шырша сатамыз": Петропавлда алаяқтар көбейді Фото: freepik

Петропавлда интернет арқылы шырша сатып алмақ болған 4 адам алаяққа алданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, полицияның кезекші бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болғаны туралы өтінішпен жүгінген.

Оның айтуынша, Instagram әлеуметтік желісінде ол жасанды шырша сататын "green.trees.kz" онлайн-дүкенін тапқан.

Сатушыға тауар үшін 54 мың теңге сомасында алдын ала төлем жасаған.

Бір аптадан кейін петропавлдық онымен хабарласуға тырысқанымен, алаяқ оны бұғаттап тастаған. Жәбірленуші амалсыздан полицияға жүгінді.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Instagram желісіндегі green.trees.kz, winter_holidayss жәнеgreen_city_lux онлайн-дүкендері жалған, олар жұртты алдап, жоқ шыршаларды сатып жатыр.

Алаяқтар тұтынушыларды көптеп тарту үшін төмен баға қойған және ақысыз жеткіземіз деп құрыққа түсіреді.

- Халықты тексерілмеген онлайн-дүкендерден тауар сатып алмауға шақырамыз. Интернет желісінде барынша қырағы болу, алдын ала төлемді және тауардың толық құнын төлемеу керек. Жарнамаларды мұқият тексеріп, дүкендердің түпнұсқалығын тексерген жөн, - дейді полиция қызметкерлері.

Дәл осылай тағы 3 адам алаяққа алданған. Қазір сот алды тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу