"Шырылдатып, зорлап жатқан жерінен ұстап алдым": 8 жасар қыздың анасы күйеуінің қылмысы үстінен түскен

17452

Оқиға 2020 жылы 2 қарашада болған. 

"Шырылдатып, зорлап жатқан жерінен ұстап алдым": 8 жасар қыздың анасы күйеуінің қылмысы үстінен түскен Фото: UNICEF

8 жасар қыздың анасы күйеуін өз туған баласын зорлап жатқан жерінен ұстап алған. Бұл туралы заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңгерге зардап шеккен қыздың анасы хат жолдаған. Хатта әйел оқиғаның қалай болғанын баяндап берген.

"Сәлеметсіз бе, Ләззәт ханым! Мен 2010 жылы қазіргі сотталған куйеуіме, тұрмысқа шықтым. Ол адамды күйеуім деп айтудан жиіркенемін, есіме де түсіргім келмейді, бірақ, шарасызбын. 2020 жылы 2 қарашада кешкі сағат 18:30 шамасында үйімізде қылмыстың үстінен түстім, яғни 8 жастағы туған қызын шырылдатып, зорлап жатқан жерінен ұстап алдым. Біздің ортақ төрт баламыз бар. Жәбірленуші осы бір тал қызымыз, мен ауру мен саудың күйін кештім. Ертесі зорға жиналып, полиция шақырдым үйге. Ол сол күні үйден қашып кетті, екі күннен кейін полиция іздеп тауып, түрмеге қамалды. Осылай тергеу аяқталып, іс сотқа жіберіледі", - деген хат иесі. 

Оның айтуынша, күдікті 2021 жылы маусымда 20 жылға сотталған.

"Енді менің қызымды зорлағанның әкесі "немерелерімді көрсет" деп ЧС арқылы талап етті. Мен келісіп, "аталары ғой" деп балаларды жібердім. Ол шал мені балаларыма жамандап, "ол псих баламды өтірік соттатты" деп ауызына келгенін айтқан! Балаларым "ол шалмен кездескіміз келмейді, көргіміз де келмейді" деп жылап отыр! Мен не істеймін? Менің балаларыма неге қысым көрсетеді оның әкесі?? Көмектесіңізші Ләззәт ханым", - деп жазған бүлдіршіннің анасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу