ШЫҰ Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруға көмектеседі

269

Мүше мемлекеттер Ауғанстанның терроризмнен, соғыстан және есірткіден арылған тәуелсіз, бейтарап әрі бейбіт мемлекет ретінде қалыптасуына бейілділігін растайды. 

ШЫҰ Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруға көмектеседі Фото: Ақорда

Сондықтан мүше елдер Ауғанстанда бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдауға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Мүше мемлекеттер Ауған қоғамының барлық этносаяси топтары өкілдерінің кеңінен қатысуымен инклюзивті үкіметті қалыптастыру осы елде берік бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің жалғыз жолы екенін тағы да атап өтті", - делінген Астана декларациясы мәтінінде. 

Мүше мемлекеттер Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы ұсынысын ерекше атап өтті. 

Сондай-ақ, мүше мемлекеттер Тәжікстан Республикасының Ауғанстанның айналасында қауіпсіздік белдеуін құру тұжырымдамасын дамыту жөніндегі бастамасын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу