ШЫҰ аясында террорға қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығу жиыны өтеді

1544

Мүше мемлекеттердің тең мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. 

ШЫҰ аясында террорға қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығу жиыны өтеді

Сенатта "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң қабылданды.

"Қаралып отырған заң жобасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына жаңадан кірген мемлекеттің бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісіміне қосылуын, осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы қабылдау арқылы қамтамасыз етуге бағытталған. Хаттаманың мақсаты Шанхай ынтымақтастық ұйымының барлық мүше мемлекеттеріне толық құқықтық жағдай жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда 2017 жылдан бастап ұйымының құқылы мүше мемлекеттері Үндістан мен Пәкістан болды. Осы хаттаманы ратификациялау оларға ұйым мүшелерінің территорияларында өтетін бірлескен әскери оқу-жаттығуларына, бірлескен әскери антитеррорлық жаттығуларына қатысуға мүмкіндік береді", - деді сенатор Талғат Мұсабаев.

Оның айтуынша, келісім аясында ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында 2 жылда 1 рет кезекпен террорға қарсы бағыттағы ("Бейбіт миссия") бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізіледі. Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу қарулы күштердің кәсіби дағдылары мен жауынгерлік даярлығын арттыруға және олардың арасында өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға ықпал етеді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу