ШЫҰ елдерімен сауда Тәжікстанға оң әсер етуде

681

Тәжікстанның ШЫҰ елдерімен саудасы республикаға шамамен 2,9 млрд доллар әкелді.

ШЫҰ елдерімен сауда Тәжікстанға оң әсер етуде

2022 жылдың басынан бастап Тәжікстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше басқа мемлекеттермен тауар айналымының көлемі 2 млрд 871,4 млн доллардан астам деңгейге шықты, деп inbusiness.kz республиканың кеден қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, Тәжікстан мен ШЫҰ-ның екі елі – Қырғызстан мен Пәкістан арасында аталған кезеңде сауда көлемі азайған. Ал бұл көрсеткіш Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан және Үндістан сияқты басқа елдермен өскені айқын.
Тәжікстанның ШЫҰ тізіміндегі басқа елдермен тауар айналымының көлемі өткен кезеңде 2,8 млрд доллардан асты. Осы сомадан ШЫҰ елдерінен тауарлар импортына шамамен 2,1 млрд доллар келді.

Тәжікстанның ШЫҰ-дағы негізгі сауда әріптестері Ресей, Қазақстан, Қытай және Өзбекстан болып қала береді. 2022 жылдың басынан бастап осы елдермен сауда сомасы 2 млрд 770,9 млн доллардан асты.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу