Ал Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердегі қаржы институттары мен "Жібек жолы қоры" алғаш рет ұйымға мүше елдері арасындағы тауар эспкорты мәселелерін бірлесіп шешпек. Бұл туралы Ұйымның Банкаралық бірлестігінің Астанада өтіп жатқан 13-ші жиынында белгілі болды. Отырыс барысында инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру, экспортты несиелеу өзара саудадағы проблемаларды шешу талқылануда. Сондай-ақ, ұйым елдері банктері бірлестігінің 4 жылдық келісімі аяқталуына орай, 2017-2021 жылдарға жоспарланған жаңа келісім мен өзара ынтымаққтастық туралы мемарандумға қол қойылды. Айта кетейік, БанкАралық бірлестігіне биыл "Бәйтерек" Ұлттық холдингтің еншілес ұйымы "Қазақстан даму банкі" төрағалық етуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу