Санаулы сәттерден соң, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары деңгейіндегі саммиті басталады. Жиын барысында қауіпсіздік, лаңкестікпен бірлесіп күресу, өзара сауда экономикалық ынтымақтастықты арттыру секілді өзекті деген мәселелер талқыланбақ. Қазақстан басшылық еткен бір жылына есеп беріп, тізгінді келесі елге табыстайтын болады. Бастысы бұл жолғы жиында ұйымның ауқымы кеңейтілмек. Саммит барысын тілшіміз Жалғас Зейнолла бақылауда ұстайтын болады. Ол қазірде бізбен тікелей байланысқа шығып отыр.
-Жалғас, қайырлы таң. Алқалы жиын өтетін алаңда қандай өзгерістер болуда. Саммит қатысушылары жинала бастады ма?
Жалғас Зейнолла, тілші:
Біз дәл қазір тәуелсіздік сарайындамыз, жиын әлі бастала қойған жоқ. Елорда төріне келген ұйымға мүше елдер мен бақылаушы мемлекеттердің басшылары осынау зәулім сарайға жиналуда. Белгілі болғандай бүгін бірқатар мәселе қаралатын болатын. Айта кетсек, Ұйымға төрағалық ету эстафетасын Қазақстан Қытайға еліне беретін болады. Жалпы Ұйым құрылғалы бері еліміз осымен үшінші рет жетекшілік еткенін айта кетейік. Бұған дейін 2005-2011 жылы Ұйым тізгіні Қазақстанда болған еді. Сондай-ақ, бүгінгі басқосу барысында Ұйым құрамы тағы екі мемлекетпен толығады. Атап айтсақ, Үндістан мен Пәкістан ұйымның толыққанды мүшесі болуға 12 жыл бұрын ниет білдірген. Енді міне ресми түрде енгелі отыр. Басқосы басталғаннан кейін толығырақ ақпарат беретін боламыз. Ал әзірге осы, біз жиынды бақылаудамыз.