ШЫҰ-ға мүше елдер экспорт көлемін арттыруға арналған меморандумға қол қояды

788

ШЫҰ-ға мүше елдер экспорт көлемін арттыруға арналған меморандумға қол қояды

Бүгін Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы Банкаралық бірлестігі кеңесінің отырысында трансшекаралық жобаларды қолдауға арналған орташа мерзімдік стратегия қабылданды, деп хабарлайды 24.kz.

Жүйелі жоспар 2017-2021 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Маңызды мәмілеге еліміз бен Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан банктерінің басшылары қол қойды. Тараптар арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі. Әсіресе инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруға, өзара экспорттық мүмкіндікті молайтуға басымдық беріліп отыр. Жиын аясында өзге де құжаттарды қабылдау жоспарда бар. Атап айтқанда, Қазақстан даму банкі Ресей, Қырғызстан және Беларусь қаржы институттарымен өзара әріптестікті арттырады.   

- Бүгін Банкаралық бірлестік өкілдері Шанхай ынтымақтастық ұйымының іскерлік кеңесіне қатысады. Онда әр елдің делегациясы салады. Содан соң бірлескен меморандум бекітіледі, - деді "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу