Қорғаныс ведомстволарының делегациялары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесін өткізуге дайындықты талқылады, деп жазады inbusiness.kz.
Отырысқа ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының халықаралық әскери ынтымақтастық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастық жоспары бойынша ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесін өткізу биылғы 25-26 сәуірге жоспарланған.
Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығына қарай қорғаныс министрлерінің кеңесі Астанада өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу