ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы келісімге өзгерістер енгізіледі

691

Бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы келісімге өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігінің басшылығы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің отырысына қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ШЫҰ шеңберінде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков  ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшыларын қабылдады. Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрлері әрі қарайғы өзара іс-қимыл, қауіпсіздік аясындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

2020-2031 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспары бекітілді және бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу