ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған орта мәселелеріне жауапты министрліктерінің отырысы өтті

263

22-25 қазанында Бішкек қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы шеңберінде экология жылының жоспарына қол қойылды.  

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған орта мәселелеріне жауапты министрліктерінің отырысы өтті Фото: ҚР ЭТРМ

19-22 желтоқсан аралығында Бейжің қаласында (ҚХР) қазақстандық тараптың төрағалығымен Қоршаған орта мәселелеріне жауап беретін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары сарапшыларының отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ШЫҰ-ға төрағалық етті. Сондай-ақ, осы жылдың 22-25 қазанында Бішкек қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы шеңберінде экология жылының жоспарына қол қойылды.

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экологиялық проблемаларды шешудің бірлескен жолдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің қалдықтарды тиімді басқару туралы мәлімдемесі және Шанхай қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде ШЫҰ-ның 2023-2025 жылдарға арналған "Жасыл белдеу" бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірлік экологиялық жобаларды қолдау және "жасыл технологияларды" енгізу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшылары кеңесінің регламенті талқыланды.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап ШЫҰ-БҰҰ арнайы іс-шарасына дайындық барысы туралы хабарлады: Бір планета, бір болашақ: экологиялық тұрақтылық үшін күш-жігерді біріктіру, оны өткізу 2024 жылғы 28 ақпанда БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының 5-ші сессиясы шеңберінде жоспарланып отыр.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сарапшылары отырысының қорытындысы бойынша кездесу хаттамасына қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу