ШЫҰ ғарышта кез-келген қаруды қолдануға қарсы

178

Қатысушылар тиісті құжатқа қол қою қажеттілігі туралы мәлімдеді. 

ШЫҰ ғарышта кез-келген қаруды қолдануға қарсы Фото: akorda.kz

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ғарыш кеңістігін кез келген түрдегі қарудан азат етуді мақсат тұтады және ғарышты тек қана бейбіт мақсатта пайдалануды көздейтін қолданыстағы құқықтық режимді мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірлестіктің Астана декларациясының мәтінінде ШЫҰ елдері транспаренттілікті нығайтуды қамтамасыз ететін және ғарыш кеңістігінде қару-жарақ қолданылуының алдын алуға сенімді кепілдіктер беретін халықаралық заңдық міндетті құжатты жасасу қажеттігі жазылған.

Бұдан басқа, Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелері бактериологиялық (биологиялық) және токсиндік қарудың қорларын әзірлеуге, өндіруге және жинақтауға тыйым салу туралы және оларды жою туралы конвенцияның маңыздылығын атап өтті. 

"Мүше мемлекеттер тиісті Конвенцияны іске асыру үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы Қазақстан Республикасының ұсынысын атап өтті.

Мүше мемлекеттер қарусыздану және таратпау саласындағы маңызды құрал ретінде химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияны толық көлемде сақтауға шақырады", - делінген құжатта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу