ШЫҰ: Қазақстандағы тұрақтылық – өңірдегі бейбітшіліктің маңызды факторы

740

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда жағдай тезірек тұрақталып, қоғамдық қауіпсіздік қалпына келетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Хабар 24.  

ШЫҰ: Қазақстандағы тұрақтылық – өңірдегі бейбітшіліктің маңызды факторы

Беделді бірлестіктің бас хатшысы осындай мәлімдеме жасады.

Құжатқа сәйкес, ұйымға мүше Қазақстанда ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау – өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы саналады.

Сол себепті ұйым өкілдері ел билігінің ахуалды қалыпқа келтіру жөніндегі шараларын қолдайтынын жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу