ШЫҰ қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2024 жылы Қазақстанда өтеді

562

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтемен жасап хабарлайды.

ШЫҰ қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2024 жылы Қазақстанда өтеді Фото: kitaichina.com

Қазақстан Қорғаныс министрі ШЫҰ кеңесіне қатысты Үндістан астанасы Нью-Делиде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі өтті. Оған еліміздің қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты. 

Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс министрлері қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Ұйым форматында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Кеңеске қатысушылар әскери саладағы сенім шараларын нығайту мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігерін үйлестіру Ұйымның күн тәртібінде өзектілігін сақтайтынын атап өтті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2024 жылы Қазақстанда өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу