ШЫҰ саммиті биыл күзде Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді

230

 Бұл туралы The Paper ақпараттық агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ШЫҰ саммиті биыл күзде Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И XIV шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының үшінші сессиясында өткен баспасөз мәслихатында елдің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастарына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Ван И биылғы жыл Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) үшін "Қытай жылы" екенін атап өтті.

— ШЫҰ Қытайда өмірге келді, Шанхайдың атымен аталды, бұл біз үшін ерекше мәнге ие. Біз ұйымның өз отанына оралғанын қуана қарсы аламыз, — деді министр.

Оның айтуынша, ШЫҰ-ның тұрақты дамуының негізі — "Шанхай рухын" ұстануда. Яғни өзара сенім мен тиімділік, теңқұқылық пен ортақ ақыл-кеңес, мәдени әртүрлілікке құрмет және ортақ даму қағидаттары ұйымды өңірлік ынтымақтастықтың жаңа үлгісіне айналдырды.

— Алдағы күзде ШЫҰ саммиті Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Хайхэ жағалауында кездесіп, өткен жетістіктерді қорытындылап, даму бағытын айқындайды. Бұл саммит ШЫҰ кеңістігінде ортақ тағдыр қауымдастығын қалыптастыруға жаңа серпін береді, — деді Ван И.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу