ШЫҰ терроризмнің барлық түрін айыптайды

852

ҚР сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ШЫҰ СІМК) жыл сайынғы отырысына қатысты.

ШЫҰ терроризмнің барлық түрін айыптайды

Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері 2019 жылғы 14 маусымда Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына дайындық барысын, Бішкек декларациясы мен Саммит қорытындысы бойынша ақпараттық хабарлама жобаларын, сондай-ақ ұйымның ағымдағы қызметі бойынша басқа да бірқатар шешімдерді қарап, мақұлдады.

Отырыс барысында қатысушылар терроризмнің барлық нысандары мен көріністерін батыл айыптап, БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлінде бірыңғай жаһандық лаңкестікке қарсы майдан құруға шақырды. Бұл тұрғыда терроризмнен еркін бейбітшілікке қол жеткізу үшін 2018 жылғы қыркүйекте Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ-да қабылданған Мінез-құлық кодексінің ережелерін дәйекті іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

ҚР сыртқы істер министрі өз сөзінде халықаралық терроризмге, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, өңірлік жанжалдарды реттеу, соның ішінде Сирия мен Таяу Шығыстағы негізгі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу