ШЫҰ және ТМД елдерінің қорғаныс министрлері өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады

510

Іс-шараға Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты. 

ШЫҰ және ТМД елдерінің қорғаныс министрлері өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады Фото: Қорғаныс министрлігі

Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Халықаралық қауіпсіздік және өңірлік тұрақтылықты қолдау, әскери саладағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ауғанстандағы тұрақсыздық пен террористік қауіптің жоғары деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірілді. 

Кездесуге қатысушылар ұлтшылдықтан, фашизмнен және милитаризмнен арылту мен көзсіздіктің кез келген әрекетіне жол берілмеу керектігін айтты. 

Бірлескен коммюникеде ұйымдар шеңберінде одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығы, терроризмге қарсы күрес, оны қаржыландыру арналарын жабу және экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл төңірегінде бірлескен күшті арттыру қажеттігі атап өтті.

Сапар аясында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы, армия генералы Сергей Шойгумен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу