Шығыс Қазақстанда жас кәсіпкер салт-дәстүрді жаңғыртты

329

Шығыс Қазақстанда жас кәсіпкер салт-дәстүрді жаңғыртты

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында кәсіпкерлік нысаны ашылды. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы арқылы қаржыландырылған жобаның түп мақсаты – ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту.

Бұл орталықта тұсаукесер, шілдехана, бесік тойы атқарылады. Құда күтуге арналған арнайы бөлмелер де бар. Дастарқанда қазақтың ас мәзірі ұсынылды, ұлттық киім киген қызметшілер де әдет-ғұрыпқа қанық.

"Қазіргі уақытта Елбасымыздың арқасында жастарға өте үлкен көмек көрсетіліп жатыр. Мемлекеттен 10 миллион теңгеге жуық несие алып, осы жұмысты бастағанбыз. Қазіргі таңда жұмысымызды қорытындылай келе, үлкен ғимарат көтерілді. Атын Шаңырақ деп қойғанбыз. Ол біздің қазіргі қазақтың салт дәстүрі бойынша құда күту, шілдехана, тағы сондай той-думандарға арналған", – дейді кәсіпкер Әнет Тұрлыбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу