Ресми сапар 8-9 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Си Цзиньпинді Пхеньян әуежайында Ким Чен Ыннің өзі қарсы алған.
Осылайша, Қытай Халық Республикасының төрағасы 8 маусым күні Солтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барды.
Жэньминь жибао газеті Пхеньян әуежайында Қытай көшбасшысын КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы Ким Чен Ын және оның жұбайы Ли Соль Чжу қарсы алғанын жазады.
Сапар аясында Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын екіжақты қарым-қатынасты дамыту және дәстүрлі достық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды деп жоспарлануда.
Сапар алдында Солтүстік Кореяның ресми басылымында жарияланған мақаласында Қытай басшысы Ким Чен Ынмен кездесуді асыға күтетінін айтқан. Онда қос ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағына қатысты пікір алмасуға ниетті екенін мәлім етті.