Си Цзиньпин Джо Байденге Қытайдың Тайваньға қатысты жоспарлары туралы ескертті

264

Бұдан бөлек, Си Тайваньда алдағы уақытта өтетін президенттік сайлауға және Американың оларға ықпалына алаңдаушылық білдірді. 

Си Цзиньпин Джо Байденге Қытайдың Тайваньға қатысты жоспарлары туралы ескертті Фото: reuters.com

Қытай басшысы Си Цзиньпин қараша айында Сан-Франциско қаласында өткен кездесуде АҚШ президенті Джо Байденге Аспан асты империясы Тайваньды елдің материгімен қайта біріктіретінін түсіндіріп айтты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты CNBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бейжің мұны әскери күшпен емес, бейбіт жолмен жасағанды жөн көреді", - деп түсіндірді Қытай көшбасшысы.

Сонымен қатар,  Си Цзиньпин АҚШ қолбасшылығының Си қол астындағыларына аралды 2025 немесе 2027 жылдары басып алуға дайындалуды тапсырған қоғамдық болжамдарын атап өтті. Алайда, Байденмен кездесуінде ол нақты уақыт шеңберін белгілемегенін ескертті.

Сондай-ақ, Си Тайваньда алдағы уақытта өтетін президенттік сайлауға және Американың оларға ықпалына алаңдаушылық білдірді. Осыған жауап ретінде Байден оны аралдағы сайлау процесін құрметтеуге шақырды. Алайда Қытай төрағасы:

"Бейбітшілік – жақсы, бірақ Бейжің жағдайды шешуі қажет", - деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу