Си Цзиньпин G20 саммитіне қатыспайтын болды - БАҚ

706

Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті.

Си Цзиньпин G20 саммитіне қатыспайтын болды - БАҚ Фото: Риа Новости

Қытай төрағасы Си Цзиньпин осы аптада өтетін G20 саммитіне қатыспайды. Саммит өтетін Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

The Associated Press агенттігінің жазуынша, Қытай көшбасшысы екі ел арасындағы сыртқы саяси шиеленістерге байланысты Үндістанда өтетін G20 саммитіне қатыспайтын болған. Басылым қазіргі қытай-үнді қарым-қатынасын "мұздай" деп сипаттаған.

Саммитке Қытайдан премьер-министр Ли Цян қатысады. Журналистер бұл шешімнің себебін сұраған кезде, Қытай Сыртқы істер министрлігі нақты жауап беруден бас тартқан.

Қытай мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас аумақтық дауға байланысты шиеленісіп кетті: қазір Үндістанның одақтық территориясы болып саналатын шекаралас Ладакх аймағынан Қытайдың да дәмесі бар. Жалпы алғанда, Қытай Үндістанның 90 мың шаршы шақырым жерін талап етіп отыр, ал Үндістан Қытай 38 мың шаршы шақырым үнді жерін тиісті негізсіз иемденіп алды деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу