Бейжіңдегі билік Гонконгке қатысты ұстаным өзгермейтінін мәлімдеді. Ол бұрынғыдай "бір ел, екі жүйе" принципіне сай болады, деп хабарлайды Atameken Business.
Си Цзиньпиннің айтуынша, Гонконгтың Қытайға түбі қосылары сөзсіз. Оған ешкім де қарсы келіп, тоқтата алмайды. Сонда ғана ол гүлденіп, материкпен бірге дамитын болады.
Осы мәлімдеден кейін Гонконгтегі наразы топ қатары көбейіп кетті. Олар бүгін кешке ең ірі шеру ұйымдастырамыз деп отыр. Ал жергілікті билік болса, Қытайдың 70 жылдығын тойлау үшін Бейжіңге аттанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу