Си Цзиньпин КХДР басшысы Ким Чен Ынды құттықтады

586

КХДР 9 қыркүйек күні Халық Республикасының 74 жылдығын тойлауда.

Си Цзиньпин КХДР басшысы Ким Чен Ынды құттықтады

Әлемде орын алып жатқан өзгерістерге қарамастан Қытай Солтүстік Кореямен стратегиялық диалог пен ынтымақтастықты нығайта түспек. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин КХДР басшысы Ким Чен Ынға жолдаған құттықтау жеделхатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz “Синьхуа” агенттігіне сілтеме жасап. 

"100 жылдан бері болмаған үлкен өзгерістер өз бағытын жеделдетіп, әлем жаңа кезеңге аяқ басты. Қытай КХДР-мен стратегиялық байланыстарды қолдауға, үйлестіру мен ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ екі елдің қарым-қатынастарын бірлесіп қолдауға, нығайтуға және дамытуға дайын", - деп Си Цзиньпиннің сөзін келтірді агенттік.

Қытай басшысы Ким Чен Ынның және Кореяның Еңбек партиясының басшылығымен “бауырлас корей халқы КХДР Социалистік ісін ілгерілетуге ықпал етіп, дамудың жаңа сатысына көтеріле алатынына" сенім білдірді.

9 қыркүйекте Халық Республикасында КХДР құрылған күні атап өтіледі. Бейсенбі күні кешке ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті, оған республиканың басшысы Ким Чен Ын да қатысты. Мереке жұма күні де жалғасын табады. 

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу