Си Цзиньпин: Қытай ешқашан басқа елдерге шабуыл жасамайды

1145

ҚХР басшысы гегемонияға ұмтылмайтынын мәлімдеді.

Си Цзиньпин: Қытай ешқашан басқа елдерге шабуыл жасамайды

Қытай ешқандай жағдайда басқа елдерге шабуыл жасамайды және әлемде өз үстемдігін орнатуға ұмтылмайды. Бұл туралы Қытай басшысы Си Цзиньпин БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

"Қытай халқы әрқашан бейбітшілік пен үйлесімділікке ұмтылды. Қытай ешқашан басқа елдерге шабуылдамайды, ешкімге қысым көрсетпейді, гегемонияны қаламайды", – деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Қытай өзінің дамуы арқылы әлемге жаңа мүмкіндіктер беруді жалғастырады. 

"ҚХР әрқашан жаһандық бейбітшілік пен жалпыға ортақ даму жолын қуды, халықаралық тәртіптің қорғаушысы және жалпыға ортақ игіліктің қайнар көзі болды", – деп сөзін түйіндеді Си Цзиньпин.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы 21-27 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді. Өткен жылы індеттің таралуына байланысты сессияның ашылуы онлайн режимге ауыстырылған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: cgtn.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу