Си Цзиньпин: "Қытай мен Қазақстанның достығы – ғасырларға негізделген серіктестік"

134

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Си Цзиньпин: "Қытай мен Қазақстанның достығы – ғасырларға негізделген серіктестік" Фото: akorda.kz

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген ерекше сый-құрметке ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елдің жаңа ұлттық жаңғыру кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.

– Тату көрші әрі стратегиялық серіктес ретінде біз Қазақстанның жетістіктеріне тәнтіміз, сіздер үшін қуаныштымыз. Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы құбылмалы әлемнің сынақтарына төтеп беріп, қарқынды дамып келеді. Бұл – тек географиялық жақындықтың немесе тарихи достықтың ғана емес, елдеріміздің өркендеуге деген ортақ ұмтылысының нәтижесі, – деді Қытай басшысы.

Си Цзиньпин соңғы жылдары бірлескен күш-жігер арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа мазмұнмен толығып жатқанын айтты. Оның сөзінше, әлеуметтік маңызы бар бірқатар жобалар іске асырылып, бұл қос халыққа нақты пайда әкелуде.

– Мен Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге, Қытай-Қазақстан достығын одан әрі нығайтуға және екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге әрдайым дайынмын. Бұл өңір мен әлем дамуына да елеулі үлес қосады, – деді ҚХР Төрағасы.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының барлық бағыты бойынша болашағын жан-жақты талқылады. Байырғы достық пен өзара құрметке негізделген әңгіме емен-жарқын жағдайда өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу