Сапар Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚХР көшбасшысымен келіссөздер барысында Ресей мен Қытай арасындағы жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл қатынастарын дамыту мәселелері талқыланады. Халықаралық аренада Ресей-Қытай ынтымақтастығын тереңдету аясында пікір алмасу жоспарланған.
"Бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылады", — делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу