ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Джо Байден бейнеконференция режиміндегі кездесу барысында екі ел қарым-қатынасының стратегиялық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Тараптар қос мемлекет қарым-қатынасын дамытудың стратегиялық, өзекті мәселелері, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қос көшбасшының онлайн кездесуі екі бөлімнен тұрды. Біріншісі шамамен 1 сағат 56 минутқа созылып, тараптар үзіліске кетті. Кездесудің екінші бөлімі Бейжің уақытымен 11:06-да басталып, олар шамамен 1 сағат 18 минуттай сөйлесті. Жалпы алғанда, екі көшбасшының келіссөздері шамамен 3 сағат 14 минутқа созылды.
Бұл – Байденнің АҚШ президенті болып сайланғаннан бері Си Цзиньпинмен алғашқы мәрте ресми кездесуі. Бұрын олар хабарламалар алмасып, телефон арқылы сөйлесетін.
Табиғат Нұрболат