Си Цзиньпин мен Джо Байден G20 онлайн кездесуін өткізіп жіберуге шешім қабылдады

333

Кездесу Үндістанның бастамасымен өткізілді. 

Си Цзиньпин мен Джо Байден G20 онлайн кездесуін өткізіп жіберуге шешім қабылдады Фото: Getty Images

Саммит аясында тараптар бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты. Олардың қатарында Үндістанның биылғы төрағалығының кейбір нәтижелері, жаһандық экономикадағы жағдай, климаттың өзгеруі және цифрландырудың дамуы бар. Бұл туралы inbusiness.kz сайты DW телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, кездесуге соңғы екі жылда алғаш рет Ресей президенті Владимир Путин қатысты. Ол өз сөзінде Ресейдің басып кіруі нәтижесінде Украинадағы адамдардың өліміне наразылығын білдірген басқа басшылардың мәлімдемелеріне назар аударды.

Путин әскери әрекеттерді қайғылы жағдайға жатқызып, Киевті "Бейбіт келіссөздерден бас тартты" деп айыптады.

"Иә, әрине, әскери іс-қимыл әрқашан нақты адамдардың, отбасылардың және жалпы елдің қайғылы оқиғасы болып табылады. Осыған байланысты, әрине, біз бұл трагедияны қалай тоқтату керектігін ойлауымыз қажет", - деді Ресей президенті.

Сонымен қатар, Үндістанның G20 кездесуіне төрағалығы бір аптадан кейін аяқталады. Топтың келесі төрағасы Бразилия мемлекеті болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу