ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сәуір айында Бейжіңде өтетін "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастығының 2-форумына қатысуға шақырды.
Қытай басшысының шақыруын Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан басшысының баспасөз қызметі.
"Кездесу барысында Қазақстан мен ҚХР арасындағы көршілес-достық қарым-қатынасты және өзаратиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы атап көрсетілді", – деп жазылған хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу сәрсенбі күні өткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу