Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин алдағы аптада Владимир Путинмен кездесіп, одан соң Украина президенті Владимир Зеленскиймен видеобайланыс арқылы келіссөз өткізбек.
Осылайша Пекин аралары әбден ушыққан қос тарапқа дәнекер болмақ. Бұған дейін Қытай Украина қақтығысын шешудің 12 пункттен тұратын жоспарын ұсынған. Елдің сыртқы істер министрі Цинь Ган бұл соғысты тек бейбіт келісім арқылы және 2 жақтың мүдделерін ескеру арқылы ғана шешуге болады деп мәлімдеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу