Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті (ҚКП ОК) Си Цзиньпинді үшінші мерзімге ҚКП ОК бас хатшысы етіп қайта сайлады, деп хабарлайды inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен бірге, саяси бюроның 7 адамнан тұратын жаңа тұрақты комиссиясы да бекітілді. Ол алдағы 5 жылда Коммунистік партияны басқаратын болады. Оған 69 жастағы Си Цзиньпиннің өзінен басқа, Шанхай партия комитетінің 63 жастағы басшысы Ли Цян, Гуандун провинциясы партия комитетінің 66 жастағы басшысы Ли Си, ҚКП ОК хатшылығының 60 жастағы меңгерушісі Дин Сюэсян, Бейжің қалалық комитетінің 66 жастағы басшысы Цай Ци, 67 жастағы партия идеологы Ван Хунин және 65 жастағы тәртіпті тексеру бойынша орталық комиссияның хатшысы Чжао Лэджи кіреді.
Си ҚКП орталық комитетінің жаңа құрамы атынан сенім білдіргені үшін бәріне алғыс айтты.
"Біз партияның сипаты мен мақсатын есте ұстап, миссиямыз бен міндеттерімізді есте сақтауымыз керек. Өз міндеттерімізді орындап, аянбай еңбек етіп, партия мен халықтың сенімін ақтауды ешқашан тоқтатпаймыз", – деді Си Цзиньпин.