Си Цзиньпин жер сілкінісінен кейін адамдарды мүмкіндігінше құтқаруды тапсырды

309

Сейсмологтар Тибет автономиялық аймағында жер сілкінісінен кейін 49 афтершок тіркеген.

Си Цзиньпин жер сілкінісінен кейін адамдарды мүмкіндігінше құтқаруды тапсырды Фото: Интерфакс

Бүгін Қытай басшысы Си Цзиньпин Тибетте болған қуатты жер сілкінісінен кейін ауқымды құтқару жұмыстарын бастау туралы бірнеше тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

"Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы және Орталық әскери кеңестің төрағасына жараланғандарға көмек көрсету үшін барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды", – деп хабарлады агенттік.

Си Цзиньпин жер сілкінісін бақылау мен ерте хабарлау жүйесін нығайтып, көмек көрсету үшін қаржы бөлу керегін айтты.

Бұдан бөлек зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғындардың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу