Си Цзиньпинді өлтіруге үгіттеген ер адам төрт айға сотталды

507

Ол LIHKG форумында Қытай басшысының ар-намысына тиетін 49 пікір жазған.  

Си Цзиньпинді өлтіруге үгіттеген ер адам төрт айға сотталды Фото: scmp.com

Гонконгта теңіз кәсіпорнының 46 жастағы қызметкері төрт айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Қытай басшысы Си Цзиньпин мен оның отбасы мүшелерін өлтіруге, Коммунистік партияны ыдыратуға, ҚХР төрағасына қарсы  халықаралық санкциялар салуға үгіттеген. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Тергеу мәліметі бойынша, Чоу Мань-вай (Chow Man-wai) наурыздан қыркүйекке дейін LIHKG форумында Си Цзиньпиннің ар-намысына тиетін 49 пікір жазған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу