"ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылары және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Туристік пойыздың жүруі "Үрімші - Алматы-2" қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұл пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу