Алматы облысына қарасты Алакөл ауданында Сібір бекіресі өсіріле бастады. Қазір бассейіндерде 250 шабағы бар. Әділ шаруа қожалығы былтыр сол үшін Италиядан қондырғылар әкелген болатын. Бұл балық түрін жерсіндіріп, өсіру жауапты әрі күрделі екенін ескерген шаруа Ресейден ихтиолог маманды да арнайы шақыртқан. Оның айтуынша, бұл су маржаны екі жарым - үш жыл ішінде 40 келіге дейін ет береді. Осылайша, тауарлы балық өндірісін дамытуға мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, мұнда Каспий бекіресін де өсіру қолға алынбақ. Жуық арада су маржанының амбулаториялық уылдырығын әкеліп, көбейту жоспарда тұр. Шаруашылықта қазір 6 адам қызмет етеді. Жалпы, Алакөл ауданында балық шаруашылығының өрісі кеңейіп, экспорттық мүмкіндігі артып келеді. Бұл кәсіппен айналысатын 8 қожалық және балық өңдейтін 3 зауыт бар.
- Сібір бекіресін өсіру үлкен маңызға ие. Өйткені, бұл балық қазір қызыл кітапқа кірген. Әлем бойынша азайып кетті. Сондықтан осындай жолдармен өсіріп, оның санын қайта қалпына келтіруге болады. Әрі бұл балық түрі молынан ет береді. Өңірді балық етімен қамтуға және экспортқа өнім шығаруда тиімділіг зор, - дейді ихтиолог Николай Зеленцов.