Сібір жарасы: Ақмола облысында жауапты тұлғалар жазаланды

141

Бұл туралы өңір әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сібір жарасы: Ақмола облысында жауапты тұлғалар жазаланды Фото: vrn.aif.ru

Ақмола облысында сібір жарасының таралуына байланысты облыстық ветеринария басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

– Мен ветеринария басқармасы басшысына қызметтік міндеттеріне толық сай келмегені үшін ескерту жарияладым. Қызметтік тексеріс нәтижесінде тағы бірнеше жауапты тұлға жазаланады, – деді әкім.

Оның айтуынша, індет ошағы жойылып, жағдай бақылауға алынған. Науқастармен байланыста болған адамдар толықтай тексерілген, олардың арасында инфекция анықталмаған.

– Сібір жарасы 8 адамнан расталды. 7-еуі емделіп шықты, біреуі емделу үстінде. Жағдайы жақсы, толық сауыққанша бақылауда болады. Ошақ толық жойылды. Қазір қауіп жоқ, – деп мәлімдеді Ахметжанов.

Ол сондай-ақ індеттің шығуына ықпал еткен факторларды атады. Анықталғандай, инфекция су тасқыны салдарынан 1940-жылдардағы ескі көмілген ошақтардың бүлінуінен кейін тараған.

– Бұрынғы көмілген орындар кеміргіштер арқылы инфекцияны таратқан. Қазір күдік тудырған барлық аумақтар оқшауланып, бетонмен бекітілуде. Зерттеушілер тобын өзіміз шақырып, қаржыландыруды да қамтамасыз еттік. Жүргізіліп жатқан шаралар – ғылыми негізделген, – деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда халық үшін ешқандай қауіп жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу