Сібір жарасы көмілген жерлердің қаншасы су астында қалды?

441

Солтүстік Қазақстан облысында әлі су астында қалған мал қорымдары бар. 

Сібір жарасы көмілген жерлердің қаншасы су астында қалды? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мәселен, қазір Солтүстік Қазақстан облысында су астында қалып отырған мал қорымдары бар. Біз ол жерлердегі судың сібір жарасына зерттеуін жүргіздік. Нәтижесі теріс болып шықты. Су кеткен соң осындай жұмыстар басқа да өңірлерде жүргізіледі. Яғни көмілген жерлердегі топыраққа зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Одан соң оның нәтижесіне қарамастан дезинфекциялық іс-шаралар өткізіледі", - деді Айжан Есмағамбетова.

Сөзінше, бүгінде жалпы 12 сібір жарасы көмілген жер мен 8 мал қорымы су басқан.

"Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен деректер. БҚО-да 3 мал қорымы болды, су кетті, олар тексерілді. Ақтөбе облысында жартысынан су кетті, қалғаны әлі су астында, онда да жұмыс жүргізілді. СҚО-да әлі де су астында, су кеткен соң профилактикалық жұмыс жасалады", - деп жауап берді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу