Сібір жарасын жұқтырған бір адам көз жұмды

817

Топарда ауру малды сойған адамды дәрігерлер құтқара алмады. 

Сібір жарасын жұқтырған бір адам көз жұмды Фото: Inbusiness.kz

Топар кентінен сібір жарасын жұқтырды деген болжаммен 4 адам ауруханаға түскен болатын. Оның үшеуіне сібір жарасының жұққаны анықталды. Бір адамда сырқат белгісі болмай шықты. Бүгін түнде  жан сақтау бөлімінде жатқан 1948 жылғы науқас көз жұмды. Үйдің отағасын дәрігерлер қанша тырысқанымен аман алып қала алмаған. Науқастың  ауруханаға кеш келуі де жағдайды ушықтыра түскен. Қалған науқастар ауруханада ем қабылдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу