Сібір жарасына қатысты карантин алынды

1339

Ақмола облысында сібір жарасына байланысты жарияланған карантин алынып тасталды. 

Сібір жарасына қатысты карантин алынды

Ақмола облысының Аршалы ауданы Ольгинка ауылында сібір жарасына байланысты 17 тамыз күні карантин жарияланған болатын.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, ауылдағы барлық үй-жайларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін, жаңадан ауру қоздырғыштар анықталмаған. Жан-жануарлар арасында бұл індеттің жұғуы мен одан қырылу фактісі тіркелмеген.

Қазіргі уақытта эпизоотиялық ахуал тұрақты және облыстың ветеринарлық қызметінің бақылауында. Ауруханаға түскен тұрғындардың барлығы үйлеріне жіберілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу