Сібірдегі орман өртінен шыққан түтін Нұр-Сұлтанға дейін жетті

1070

Өткен бірнеше тәулікте республиканың бірнеше өңірінде көлемді әрі биік циклонның әсерінен бұлтты ауа-райы сақталды. Сонымен қатар, ауа ағындары Сібірдегі орман өртінен түтін жамылғысын әкелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сібірдегі орман өртінен шыққан түтін Нұр-Сұлтанға дейін жетті

Атмосфераның беткі қабатындағы ылғалдың жоғары мөлшері, ластаушы заттардың концентрациясының жиналуына қолайлы жағдай туғызған. Осылайша, 10-11 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының аумағында атмосфералық ауада шекті рұқсат етілген нормадан асып кету азот диоксиді бойынша 1,7 ШРК-ға дейін тіркелді.

"Алдағы күндері синоптикалық процестер қайта құрылады. Ауқымды биік циклоны Қазақстанның солтүстігіндегі ауа-райы жағдайларының қалыптасуын тоқтатады. Бұл өз кезегінде түтін шымылдығының сейілуіне, оның одан әрі елдің шегінен тыс жерлерге ауысымына, және Қазақстан аумағына жаңа, салқын ауа массасының келуіне себепші болады", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша 12 тамызда түнде жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде 8-10 градусқа, күндіз 16-18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу