Сібірдегі өрт түтіні Қазақстанның бірқатар өңірін басты

1308

Бастапқыда түтін Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарын және Нұр-Сұлтан қаласын басқан. 

Сібірдегі өрт түтіні Қазақстанның бірқатар өңірін басты

Қазақстандық метеорологтар республиканың бірқатар аймақтарында Сібірде болған өрт салдарынан зиянды заттардың ауадағы шекті мөлшерінің шамадан тыс жоғарылауын тіркеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
РМК-ның жексенбі күні таратқан ақпарына сәйкес,  NASA жер серіктерінен алынған жер суретінде 26 күні Сібірдегі өрт ошағы ұлғайғанын, ал оның түтіні батыс бағытқа тарап жатқанын көруге болады.         

Бастапқыда түтін Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарын және Нұр-Сұлтан қаласын басқан. Кейін Қарағанды облысы мен Алматы облысының солтүстік аудандарына тараған.          

"Барлық жоғарыда айтылған облыстарда оңтүстік-шығыстан 6 м/с соққан әлсіз жел байқалады,жауын-шашын жоқ. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында түтін бары байқалады", деп хабарлайды "Қазгидромет".          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу