Сицилияда 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

266

Италияға ми қайнатар ыстық толқыны келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сицилияда 42 градусқа дейін аптап ыстық болады Фото: Euronews

Синоптиктердің болжауынша, осы демалыс күндері солтүстікте ауа температурасы 34°C, елдің орталығында 35°C және оңтүстікте 40°C болады.

Ең жоғары температура Сицилияда болады деп болжанды: онда ауа температурасы 42°C-қа дейін қызады.

Жақында болған салқын ауа райынан кейін күн қайтып келеді. Кейбір аймақтарда ауа температурасы бірден 15°C-қа көтеріледі деп болжануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу