Сицилияда Этна жанартауы атқылады

254

Бұл Еуропадағы ең белсенді жанартаудың бірі.

Сицилияда Этна жанартауы атқылады Фото: The Mirror

Италиядағы Сицилия аралында Этна жанартауы қайтадан атқылай бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Катания әуежайындағы рейстер тоқтап, бірнеше рейс Палермо мен Комизоға қайта бағытталды. Жақын маңдағы қалаларды түтін басып, ауаға күл атқылады. 

Volcano discovery порталының дерегінше, түтін биіктігі бірнеше шақырым биіктікке жетті. Бұдан бөлек жанартаудың атқылауы күшейіп жатқаны жазылған.

Осыған дейін сәуір айында Этна жанартауында 2013 жылдан бері болмаған түтін пайда болды. 

Этна – ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген Еуропадағы ең ірі жанартау. Ол Сицилия аралының шығыс жағалауында орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу