Сицилияны қалың қар басты

948

Сицилияны қалың қар басты

Соңғы күндері Еуропа жұртының есін шығарған арктикалық циклон салдарынан Италия да қар құрсауында қалды, деп жазады 24Хабар.

Тіпті әдетте жайма шуақ күндері қыс бойы сақталатын Сицилия да қар құрсауында қалған. Ақ ұлпаның қалың түсуіне байланысты маңайындағы елді мекендермен бірнеше күннен бері байланыс жоқ. Жолдарды тазарту жұмыстарына елдің әскерилері жұмылған. Сонымен қатар мемлекеттегі бірқатар тас жол жабылып, пойыздар кестесінен кешікті. Табиғаттың тосын мінезінен 8 адам зардап шеккен. Саршұнақ аяздың күшеюіне байланысты Грекияның кейбір аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Синоптиктер суық қаңтардың соңына дейін сақталуы мүмкін дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу