Сиднейдегі тарихи ғимаратты жағып жіберген күдіктілер ұсталды

450

Жергілікті полицияға 13 жасар екі жасөспірім кінәларын мойындап, барған.  

Сиднейдегі тарихи ғимаратты жағып жіберген күдіктілер ұсталды Фото: BBC

Сиднейдің мұралар тізіміне енген орталығында жеті қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz BBS News-ке сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге 100 маман қатысты. Өрт кезінде ғимаратта 15 адам ұйықтап жатқан, 13 адамның жеке басы анықталуда. Осы ғимаратқа жақын маңдағы үйдің кем дегенде 70 тұрғыны үйлерін тастауға мәжбүр болды. Олар жеті күн бойы үйлеріне қайта алмайды.

Полиция берілген жасөспірімдер тергеуге көмектесіп жатқанын растады. Сондай-ақ, бұл оқиғаға басқа жасөспірімдердің қатысы болуы мүмкін.

Жаңа Оңтүстік Уэльстің өрт-құтқару қызметі сейсенбіде өрт дабылының 10-шы деңгейіне жеткенін мәлім етті.

Ғимарат мұралар тізіміне енген еді және бұған дейін мұнда Henderson Hat фабрикасы болған. Ол көп жылдан бері бос тұрды, оны қонақүйге қайта жабдықтамақшы болды. Өрттен ғимараттың жоғарғы қабаты көшеге құлап түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу