Қазақстанға теңіз жолымен полиэтилен өндіретін Силлено зауытына арналған 9 ірі габаритті жабдық жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ерсай портынан құрылыс алаңына дейінгі маршруттың ұзындығы 878 шақырымды құрады. Алғашқы теңіз партиясына жалпы салмағы шамамен 12 мың тонна болатын реакторлар, сепараторлар және колонналар кірді.
Жабдықты Ерсай портынан құрылыс алаңына жеткізу екі кезеңмен жүзеге асырылды. Жүктің бірінші бөлігі алаңға 2026 жылғы шілдеде, екінші бөлігі қыркүйекте жеткізілді.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қазіргі уақытта болашақ зауыттың құрылыс алаңында жұмыстардың келесі кезеңіне алаңға алғашқы жеткізілген ірі габаритті жабдықты монтаждауға дайындық жүргізіліп жатыр.
Оның биіктігі 101,8 м, диаметрі 7,5 м, ал салмағы шамамен 1 500 тонна. Қазақстандық "АтырауНефтеМаш" зауытында жасалған пиролиз қондырғысының фракциялау бағанасын монтаждау үшін құрылыс алаңына 4000 тоннаға дейін жүкті көтеруге қауқарлы әлемдегі ең ірі шынжыр табанды крандардың бірі жеткізілді. Кран құрылыс алаңында құрастырылды.