СІМ: 2020 жылы Оңтүстік Кореядан Қазақстанға 51,5 млрд теңге аударылды

1229

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға еңбек мигранттары 2020 жылы 51 миллиард 500 миллион теңге аударған, деп хабарлайды Atameken Business.        

СІМ: 2020 жылы Оңтүстік Кореядан Қазақстанға 51,5 млрд теңге аударылды

Бұл сыртқы істер министрлігінің бізге берген ресми мәліметі. 2018 жылы 57 млрд теңге аударылса, 2019 жылы аталған көрсеткіш рекордтық межеде, яғни 68 млрд теңге шамасында болған. Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев соңғы 6 жылда, жыл сайын аударылатын ақша мөлшері 1,7 миллион доллардан 105 миллион долларға өскенін айтты. Депутаттың сөзінше бұл статистика 60 есе артқан. Әлеуметтік желілерде оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін бір құрылысшы ай сайынғы жалақысы 1,5-2 миллион теңге шамасында болғанын тілге тиек етті. Ал бізде дәл осы жұмысты істей жүріп тек 400 мың теңгеге дейін аласың дейді ол. Иә қазақстандықтардың неліктен шет елге асығатыны, олардың   көптеп кетіп жатқаны, айтпаса да түсінікті.  Қазір шет елде қанша қазақстандық еңбек мигранттары жүр, оңтүстік Кореяда қанша жерелесіміз еңбек етуде, олардың қандай проблемалары бар екенін білесіз бе? Жоқ болса арнамыздан алыстамаңыздар, өйткені дәл осы тақырыпты қазір депутатпен бүге шүгесіне дейін талқылайтын боламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу