СІМ бұрынғы жауапты хатшысы А.Қарашевқа қатысты үкім әлеуметтік желіде қызу талқылануда

670

"Протенге" Телеграм каналы пара алды деп айыпталған экс-шенеуніктің жазадан қалай құтылғаны туралы жазба жариялады.  

СІМ бұрынғы жауапты хатшысы А.Қарашевқа қатысты үкім әлеуметтік желіде қызу талқылануда

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевқа қатысты үкім әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Аtameken Business.

Яғни тінту кезінде табылған жарты млн еуроны Қарашев 20 жыл бойы жинаған еңбек ақым деп айтқан. Осыдан кейін сот үкімімен бар жиғаны тергені және бұғатқа қойылған пәтері қайтарылған. Осы жөнінде әріптесім Арай Сүгірбай толығырақ айтып беруге әзір.

Атап өткен "заңның" қазіргі министрге қатысы жоқ десек те болады. Себебі, сотталған Анарбек Қарашев заң қырына ілінген сәтте сыртқы саясатқа жауапты ведомствоны Қайрат Абдрахманов басқарды. Үкімі жұрт арасында қызу талқыға түскен хатшы 2018 жылы маусым айында ірі көлемде пара алды деген айыппен ұсталды. Шенеунікпен қоса тағы 6 тұлғаның да қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқаны хабарланды. Тергеулер нәтижесінде біраз былықтың беті ашылып, масқара болудан қорықты ма, әлде әдеттегі сылтау бойынша денсаулығы жарамай қалды ма, ол жағы белгісіз, анығы Абдрахманов аяқасты креслосынан айырылды. Бірақ мұны Ақорда "басқа жұмысқа ауысуына байланысты Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды" деп түсіндірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу