СІМ бұрынғы жауапты хатшысына қатысты үкімге түсінік берілді

763

Экс-шенеунікке екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

СІМ бұрынғы жауапты хатшысына қатысты үкімге түсінік берілді

Жоғарғы сот Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевқа қатысты үкімді түсіндірді, деп хабарлайды Аtameken Business. Мәлімдеулерінше, прокурор сотта экс-шенеуніктің пара алды деген айыптауын алып тастаған.

Осылайша, жаңа тұжырымдаманы ұсынды. Яғни сот Қаршаевтың іс-әрекетін лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану деп көрсеткен. Осылайша экс-шенеунікке екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Анарбек Қарашев елшілік ғимаратының құрылысына бөлінген қаражаттарды жымқырғандығы және кәсіпкерлерден пара алғандығы үшін айыпталған болатын.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу