СІМ Эр-Рияд пен Джизан қалаларына жасалған зымырандық шабуылдарға байланысты мәлімдеме жасады

901

Қазақстан БҰҰ-ның әлемдегі барлық қарулы қақтығыстарды тоқтатып, COVID-19 пандемиясына қарсы күресу қажет деген үндеуіне қосылады.  

СІМ Эр-Рияд пен Джизан қалаларына жасалған зымырандық шабуылдарға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі миллиондаған бейбіт тұрғындар тұратын Эр-Рияд және Джизан қалаларына жасалған зымырандық шабуылдарды айыптайды, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.

"ҚР СІМ жазықсыз адамдардың өміріне қауіп төндіретін мұндай шабуылдар Йемендегі жанжалды шешуге ықпал етпейтінін, керісінше осы елдегі ахуалды одан әрі күрделендіріп, бүкіл Таяу Шығыс аймағының қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп санайды.

Біз барлық мүдделі тараптарды кез келген қақтығыстарды жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық қағидаттары негізінде шешуге шақырамыз.

Осы тұрғыда Қазақстан БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің әлемдегі барлық қарулы қақтығыстарды тоқтату және әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін жалпы жаһандық қауіп – COVID-19 пандемиясына қарсы біріктіру қажеттілігі туралы үндеуіне қосылады", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу